• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның Президентімен онлайн кездесу өткізді

216 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.