• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Теннис 22 Қазан, 2022

Анна Данилина Мексикадағы турнирдің жартылай финалына өтті

117 рет
көрсетілді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Гвадалахарадағы (Мексика) WTA 1000 сериялы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен, әлемнің үшінші ракеткалары америкалық Кори Гауфф және Джессика Пегула жұбын 6:4, 7:5 есебімен жеңді.Жартылай финалда Анна мен Беатрис әлемнің бірінші ракеткалары чехиялық Барбора Крейчикова және Катерина Синяковамен кезедеседі.

Еске салайық, осы жылдың басында Аустралия ашық біріншілігінде Анна мен Беатрис финалда дәл осы Барбора мен Катеринаға жол берген болатын.