• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қазан, 2022

Өзбекстандағы жарылыс салдары туралы тың дерек айтылды

288 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы әскери бөлімде болған жарылыстан 3500-ден астам үй мен ғимаратқа зақым келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға 22 қазан күні Мәлік ауылындағы Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында болған. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шеккен. Сондай-ақ 3742 тұрғын үй мен ғимарат бүлінген.  Кейбірінің шатыры жартылай ұшып, терезе мен есіктері сынған жағдайлар да көп тіркеліпті.

Әскери қоймадағы апат себептері әлі анықталуда, құзырлы органдардың мәліметінше, зардап шеккен үйлердің тұрғындарына үйлерін қалпына келтіруге көмектесуде.