АСТАНА. 25 мамыр. Кеше түнде Португалияның астанасы – Лиссабон қаласында Испанияның Мадридінің «Реал» және «Атлетико» командалары Чемпиондар лигасының финалында кездесіп, бұлардың алдыңғысы 4:1 етіп ұтып шықты. Бұл туралы Чемпион.Ру хабарлады.
Аса тартысты өткен матчтың 36-минутында «Реал» қақпашысы Икер Касильястың алға шығып кеткенін жақсы пайдаланған «Атлетико» жартылай қорғаушысы Диего Годин басымен алыстан ұрып, бірінші голды түсірді. Осы арқылы ойынға май құйылды. Есеп бұлай қала берсе, өздерінің ұтылып қалулары әбден мүмкін екендерін сезінген реалдықтар ақырында кең көлемді шабуылға көшті. Бірақ қарсыластар қақпасын алу уақыт ұзаған сайын қиындай берді.
Криштиану Роналду бастаған «Реал» футболшыларына разы болатының, олар соған қарамастан, алға қарай өршелене ұмтылып, қарсыластар қақпасынан саңылау іздеулерін тоқтатқан жоқ. Осындай үстін-үстіне жасалған жойқын шабуыл негізгі уақытқа қосылған 3-минутта ғана өз нәтижесіне жеткізді. Әуелі Лука Модрич бұрыштама берді. Оны әуелетіп жіберген добын Серхио Рамос басымен ұрып, қақпашы Тибо Куртуаның ту сыртынан бір-ақ шығарды – 1:1!
Осыдан кейін қосымша екі таймға кезек келді. Ол жұртшылық күткендегідей сценарий бойынша өрбіді. Соңғы голдан үлкен қуат алған Карло Анчелоттидің жігіттері тағы да алға қарай жөңкіле шапты. Бұл жолы олар атқанын құр жіберген жоқ. Сөйтіп, Гарет Бэйл (110). Марсело (118), Криштиану Роналду (120-пенальти) секілді ойыншылар соққан голдардың арқасында «Реал» есепті 4:1-ге жеткізіп, бір-ақ тоқтады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Чемпион.Ру.
Фото: Чемпион.Ру.