20 қазанда полицейлер облыс орталығының 27 және 29 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардан ерекше иісі бар бума тәркіленді.
«Сараптамаға сәйкес, бұл зат Альфа-пирипі синтетикалық препараты болып шықты, жалпы салмағы 496,6 граммды құрады. Болжам бойынша, есірткі заты одан әрі тарату мақсатында дайындалған. Қылмыскерлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда», деп хабарлады Қостанай облысы ІІД полиция басқармасының аға анықтаушысы Лев Квасенко.
Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 178 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 555 грамнан астам героин, 18 келі гашиш және 1,6 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.