• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2022

Қазақстан мен Белиз визалық режимді алып тастауы мүмкін

168 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Белиз Үкіметі визалық талаптарды жою туралы келісім жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Келісім мемлекеттердің азаматтары бірінші келген күннен бастап әрбір 180 күндік кезең ішінде екінші тарап мемлекетінің аумағына 30 күнге дейін визасыз кіруге, шығуға, транзитпен өтуге және елде болу мүмкіндігін қарастырады.

Бұл ретте екінші тараптың мемлекеті аумағында 30 күннен астам болуға ниет білдірген азаматтар оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға не осы елдің дипломатиялық өкілдігінен немесе консулдық мекемесінен тиісті виза алуға міндетті.

Келісімге 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Белиз сыртқы істер министрліктерінің басшылығы қол қояды деп жоспарлануда.

Негіздемеде құжатқа қол қою елдер арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға және дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік беретіні айтылған.

Белиз – Орталық Американың шығыс бөлігінде, Кариб теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Жағалау аймағында жүздеген төмен орналасқан маржан аралдары бар Белиз тосқауыл рифі орналасқан. Елдің батысында, джунгли аймағында Майя өркениетінің көне қалаларының қирандылары бар.