• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қазан, 2022

Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады

155 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаев Президентке Сенаттың еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Конституциялық Соттың, Прокуратураның қызметін реттейтін конституциялық заңдардың жобалары зерделенді.

Президентке қазіргі уақытта сенаторлардың қарауында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобасы мен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының өңірлерді одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету – Палата жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі ілгерілету және форумды дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.