26 қазанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша Банктен кету туралы шешім қабылдаған Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды. Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, $800 млн астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды», деп жазылған хабаралмада.