Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен мемориалы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Анна Левковец пен Диас Жиренбаев күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денис Тен мемориалының соңғы күнінде спортшылар жанкүйерлер мен төрешілердің назарына өздерінің ерікті бағдарламаларын ұсынды. Әйелдер арасында Анна Левковец 91,27 балл жинап, үшінші орынға ие болды. Ал қысқа бағдарламаның нәтижелері бойынша Анна екінші (145,43) атанды. Осылайша Қазақстан күміс медальмен марапатталды. Минче Ким (Оңтүстік Корея) чемпион атанды, ал «қола» Дабин Цойға (Оңтүстік Корея) бұйырды.
Сондай-ақ жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық Диас Жиренбаев құрмет тұғырының екінші қатарына көтерілді. Грузин конькишісі Ника Егадзе жарыстың жеңімпазы болды, «қола» Владимир Литвинцевке бұйырды.