• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Түлектер қанат қақты

353 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің соңғы қоңырау мерекесіне арналған  «Қош бол, алтын ұя мектебім!» ат­­ты салтанатты жиыны болып өтті. Оның бірінші ерекшелігі  – қазақ және ағылшын тілдерінде  жүргізілді. Атына заты сай осынау оқу ордасы    мектеп мақтаныштары, халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары, ғылыми жобалар жарысының же­ңім­­паздарымен де мақтана алады. Сөйтіп, өңірдегі өзге білім ша­ңы­­­рақтарынан биіктігін көрсетіп, мем­лекеттік талапқа сай өскелең ұр­пақты білім нәрімен сусындатып жат­қанын тағы бір мәрте көрсете алды. Мерекелік шараға Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Жандарбек Далабаев, Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов арнайы келіп қатысып, түлектер қуанышын бө­ліс­ті. Әлбетте,  мектеп директоры Гүлайым Байжикенова бастаған ұс­таздар мен ата-аналар құттықтау сөзді әдемі жалғастырды. Сонымен, айтулы білім ордасынан тағы бір лек түлектер  қанат қақты. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.