• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Колумбия – маңызды серіктесіміз

317 рет
көрсетілді

Жақында бейне конференция пішімінде Қазақстан – Колумбия СІМ-аралық саяси кеңесінің екінші отырысы өткізілді. Отырысқа Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары Патти Лондоньо тең төрағалық етті. Кеңестің күн тәртібі бойынша екіжақты және көпжақты маңызды мәселелер қарастырылды. Тараптар өзара тиімді сыртқы саясат, құқық қорғау және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру ниетін растады, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық ұйымдардың аясындағы өзара ықпалдастықты жоғары бағалады. Колумбия Қазақстанның Латын Америкасындағы маңызды серіктесі болып табылады. Соңғы үш жылда жоғары деңгейдегі өкілдердің қатысуымен оннан аса екіжақты іс-шаралар өткізілді. Богота Астананы біздің аймақтағы басты серіктес ретінде қарастырады, мұның дәлелі Колумбия Үкіметінің 2013 жылы Қазақстан азаматтары үшін біржақты тәртіпте визасыз режімді енгізу туралы шешімі болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.