Оңтүстік Корея астанасы Сеулде болған қайғылы оқиға кезінде бір қазақстандық қыз қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының дерегі бойынша, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматшасы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінде оқыған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмектеседі», делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Айта кетсек, Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтармен байланыс орнатып жатыр.