Қостанай облысы бойынша Қаржы мониторинг агенттігі 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех қызметін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және тағы басқалары тәркіленді. Тергеу әлі де жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ведомство хабарламасында.