• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2022

Астанада Сутегі дипломатиясы кеңсесі ашылады

199 рет
көрсетілді

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Қазақстанда Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін мен Астанада сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды жоспарлап отырғанымызды қуана хабарлаймын. Болашақта бұл бюро біздің елдердің сарапшылары мен жауапты тұлғаларымен алмасу орталығына айналады. «Жасыл» сутегінің көмегімен біз өнеркәсіп пен көліктегі шығарындыларды нөлге дейін азайтқымыз келеді», деді Анналена Бербок баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық тарап еліміздің астанасында сутегі дипломатиясы кеңсесін құру туралы бастаманы қолдады.

«Біз неміс тарапының Астанада «сутегі дипломатиясы» кеңсесін ашу туралы ұсынысын құптаймыз. Бербок ханым, бұл бастамаңыз үшін алғыс айтамыз және оған жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», деді Мұхтар Тілеуберді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанда экономиканың жоғары технологиялық секторлары үшін қажетті шикізатты, сирек кездесетін металдарды бастапқы өңдеу, сондай-ақ экологиялық таза энергия көздерінің өндірісін құру саласындағы өзара іс-қимыл екенін атап өтті. 

«Мұның құқықтық негізі 2012 жылы шикізаттық, өндірістік және технологиялық әріптестік туралы үкіметаралық келісімге қол қою арқылы жасалған болатын. Ал 27 қазанда HYRASIA ONE неміс-швед концернінің еншілес ұйымы «Svevind» мен Қазақстан Үкіметі инвестициялық келісімге қол қойды, оның аясында таза және экологиялық таза өнім шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салу жоспарлануда», деді Қазақстан Сыртқы істер министрі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті.