• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 31 Қазан, 2022

ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының басшысы ауысты

396 рет
көрсетілді

Рустам Албаев Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ПІБ сайтына сілтеме жасап.

Р. Албаев Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді. Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының Медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.