Данияда 1 қарашада кезектен тыс парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазір парламентте оң және сол блоктарға бөлінген 17 түрлі партия бар. Алдағы сайлауда 14 партия бақ сынамақ.
Парламент құрылымы бытыраңқы болғандықтан, көп жылдар бойы бірде-бір партия халық дауысының басым бөлігін жинай алмаған.
Сайлаудан бұрын жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, Дания азаматтары елдегі денсаулық сақтау, экономика, қоршаған орта мен климат, сыртқы және қорғаныс саясаты сияқты салаларды жақсартуы керек деп санайды.