Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Жиында кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Қазір аталған компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірген.