• RUB:
    5.4
  • USD:
    475.39
  • EUR:
    513.37
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қараша, 2022

Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалдары ашылады

272 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақст шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек жоғары білім беруді интернационалдандыру мәселелеріне тоқтала кетті.

Министр баяндамасына сәйкес елімізде келесі шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жоспарлануда:

Хериот Ват университеті (Ұлыбритания) - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында. Калгари университеті (Канада), Вагинген университеті (Нидерланды) -  Шәкәрім университеті базасында; Берлин Техникалық Университеті (ГФР) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында; І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласындағы шетелдік жоғары оқу орнының филиалы.