Қазақстандық спортшылар Милад Карими мен Нариман Құрбанов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Милад Карими 14,733 ұпай жинап, үшінші орыннан финалға өтті.
Нариман Құрбанов та іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады. Ат үстіндегі жаттығуларда төрешілер оның өнерін 15,033 ұпаймен бағалады.