• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2022

Мұхтар Тілеуберді Солтүстік Македонияға барды

211 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Солтүстік Македония Республикасына ресми сапары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр президент Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді. Сондай-ақ сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер жүргізді.

Солтүстік Македония президентімен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. М.Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды саяси жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Ассамблея төрағасы Т. Джаферимен сұхбат барысында ҚР СІМ басшысы Қазақстандағы парламентаризм мен көппартиялылықты нығайту процесі туралы хабардар етті. Тараптар парламентаралық байланыстарды кеңейту және парламенттік достық топтарының қызметін жандандыру жолдарын егжей-тегжейлі талқылады. Заң шығарушылардың сапарларымен алмасу және олардың халықаралық парламенттік институттар шеңберіндегі өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.