Алматы мен Ыстықкөл арасында электр автобустары қатынауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қырғыз-қазақ жұмыс тобының екінші отырысы өткен. Онда Алматы-Ыстықкөл баламалы жолының құрылысы бойынша жобаның ағымдағы мәртебесі қаралған. Азия даму банкі аталған бағыт бойынша электр автобустарын пайдалана отырып, тұрақты жолаушылар тасымалын іске қосуды ұсынған.
Электр автобустары Ыстықкөлге туристер ағынын едәуір арттыратыны айтылды. Алматылықтар үшін Ыстықкөл сапары демалыс күнінің бағыты болуы мүмкін.