Алматы қаласында орналасқан мекемелердің бірінде адамдар жаппай төбелес шығарған. Оқиға орнынан түсірілген видеоролик әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаменті бұл фактіні Медеу ауданының полиция бөлімі тергеп жатқанын хабарлады.
«Ол ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан бес адам ұсталды. Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Болған жағдайдың себептері анықталуда», делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.