Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы мәліметті Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы біле алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 қарашада Қазақстанда ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған дейін әкімдік елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн тексере алатынын хабарлаған еді. Атап айтқанда:
Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/ 2. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot 3. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.