• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2022

Бас прокуратура активтерді қайтару жұмыстарының нәтижесін жариялады

179 рет
көрсетілді

Бас Прокурор Берік Асылов активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысында қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бас прокуратурасының ресми парақшасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлік қайтарылған;

Оған қоса 10 уәкілетті экономикалық операторға 107 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелгені де анық болды. Оның есебінін бюджетке 57 млрд теңге түскен;

Соттарға құны 13,5 млрд теңге болатын мүлікті мемлекетке қайтару туралы талап-арыз енгізіліпті;

Бас прокурор сондай-ақ Жоғарғы Сотпен олигополиялардың пайдасына өткен сот актілерін қайта қарау туралы 16 наразылық қанағаттандырвлғанын атап өтті. Ол бойынша бюджет 23 млрд теңгемен толықпақ. Ал прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 140 мың гектар жер қайтарылған.