АСТАНА. 27 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге жыл соңына дейін қол қойылады. Бұл туралы
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Astana Forum blog сайтының хабарлауынша, ол қазір ішкі рәсімдеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтқан. «ЕАЭО елдерінің қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге 2014 жылдың соңына дейін қол қойылады. Біз қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы келісім жасап қойдық, ол ішкі мемлекеттік рәсімдерден өтуде. Онымен қол қойылғаннан кейін, 2015 жылдан бастап жұмыс істей бастаймыз», - деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, аталған келісім 2022 жылға дейін қаржылық реттеудің әр түрлі аспектілерін үйлестіруді көздейді және ортақ қаржы нарығын құруға бағытталған.
Конференция барысында ЕАЭО елдері арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім 2015 жылға қарай күшіне енетіні белгілі болды. Ол әкімшілік ынтымақтастық үшін құқықты негізді қамтамасыз етпек.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: Astana Forum blog.
Фото: horoshienovosti.info.