Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ОКҚ брифингінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада қанша апат болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, шахта 1964 жылы пайдалануға берілген.
1978 жылы болған алғашқы апатта 4 жұмысшы қайтыс болды.
«1985 жылы – 2 адам қаза тапты, 1995 жылы – 2 адам жарақат алып, 13 адам қаза тапты, 1998 жылы – 1 адам қайтыс болды, 1999 жылы – 3 жұмысшы көз жұмып, 2 адам зардап шекті», деді Юрий Ильин.
Оның айтуынша, 2006 жылы орын алған апат салдарынан 41 адам қаза тапты.
Еске сала кетсек, бүгін, 3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада қайғылы жағдай орын алды. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. Апат салдарынан 5 кенші қаза тауып, тағы 4 жұмысшы зардап шекті.