Қызылордада жеке үйден 40 000 еуро ұрлаған екі ұры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми интернет ресурсына сілтеме жасап.
«Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін ашып кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 000 еуроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.