• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қараша, 2022

Елден ірі көлемде ақша шығармақ болған адам ұсталды

189 рет
көрсетілді

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Атырау» кеден бекетінің қызметкерлері экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыны тексеру кезінде одан декларацияланбаған қаражат тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау-Кутаиси халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін кедендік тексеру кезінде RAPISCAN рентгендік телевизиялық аппараты пайдаланылған.

Грузияға ұшқан қазақстандықтан 60 700 доллар, 10 000 Ресей рублі және 7000 теңге табылды.⠀

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстанда 2022 жылдың наурыз айының ортасынан бастап әкету күніне белгіленген 10 000 доллардан асатын ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептелген сомада қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақшалай қаражатты әкетуге тыйым салынады.