• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2022

Қытайдағы көрмеде Қазақстан өнімдері ұсынылады

354 рет
көрсетілді

5-10 қараша аралығында Шанхайда өтетін V Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне Қазақстаннан 20-дан астам компания қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрме бюросының мәліметінше, қазақстандық компаниялардың экспозициясының жалпы ауданы шамамен 300 шаршы метрді құрайды. Негізінен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері қойылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы жалпы өзара тауар айналымы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымының көлемі 755 миллион долларды, ал биылғы жылдың сегіз айында 600 миллион долларды құрады. Қазақстанның 1100-ден астам кәсіпорын Қытайға өз өнімдерін экспорттауға құқылы.

Биыл Қытайдың V халықаралық импорттық тауарлар көрмесінде Қазақстан онлайн-ел көрмесіне қатысады.

Алдағы CIIE 2022 көрмесіне барлығы 145 ел мен әлемдік компаниялары мен ұйымдар қатысады.