• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2022

Сенаторлар ветеринарлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

180 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Алматы қаласында жиын өткізіп, ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы Әли Бектаев отырысты аша келіп,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығын дамытуға зор маңыз беретінін және де мал басының саулығы мен өнімділігі ветеринария саласын жетілдіруге және жергілікті жердегі мамандардың тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті.

«Сапар мақсаты – ветеринария қызметін одан әрі дамытуға, отандық ветеринарияны ғылыми және кадрлармен қамтамасыз ету және еліміздің мал өсіру шаруашылығының тұрақты әл-ауқаты мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің саясатын талқылау», деді Әли Бектаев.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов ветеринария жүйесін реформалау аясында қордаланған мәселелерді шешуге тоқталды. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі туралы парламентшілерге баяндады.

Талқылау барысында сенаторларға салада мемлекеттік қолдау көрсетудің, мал шаруашылығын ветеринарлық қолайлықпен қамтамасыз ету бойынша ғылыми сүйемелдеудің қалай іске асырылатыны туралы, сондай-ақ малдың инвазиялық және жұқпалы емес ауруларына диагностика жасау, оларды алдын алу және емдеу тәсілдері мен әдістерін, теориялық негіздерін әзірлеу мен олардан күтілетін нәтиже мен стратегия жайында айтылды.

Сенаторлар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесу өткізіп, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау мәселелерін талқылады.

Депутаттар қорытындылай келе, ауыл шаруашылығын дамытудағы заманауи ветеринария ғылымының шешуші рөлі және онсыз еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің қомақты бөлігін экспорттауды ұлғайту мүмкін еместігін атап өтті. Парламентшілер осы орайда кадрларды даярлау, еңбекақыны көтеру және көптеген үдерістерді цифрландыру бойынша жүйелі әрі дәйекті жұмыс жасау керектігі туралы айтты.