• RUB:
    5.4
  • USD:
    464.72
  • EUR:
    496.32
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2022

АҚШ-тың үш штатында торнадо болды

492 рет
көрсетілді

Жұма күні АҚШ-тың орталық бөлігіндегі Оклахома, Арканзас және Техас штаттарында торнадодан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, торнадодан Оклахоманың оңтүстігінде бір адам қаза тапты. Сондай-ақ Техас штатында көптеген адам жарақат алды. Техастағы Даллас/Форт-Уэрт халықаралық әуежайында торнадодан туындаған қатты жаңбыр салдарынан жүздеген рейс тоқтатылды. 

Торнадо салдарынан үш штатта 100 000-ға жуық үй шаруашылығы мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды.