Оқиға 4 қараша күні Жаркент қаласында болған. «Volvo» жүк көлігі мен «Mitsubishi Pajero» көлігі соқтығысып, Mitsubishi көлігінің 50 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апатынан 37 жастағы жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Алдын ала анықталғандай, Mitsubishi Pajero жүргізушісі Қонаев пен Хожамьяров көшелерінің қиылысында тыйым салынған бағдаршам белгісін елемей, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан», деп хабарлады Жетісу ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта екі көлік те тұраққа қойылды.