• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2022

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды

369 рет
көрсетілді

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«6 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағынан департамент бөлімшелерінің бірінде қызметкердің мәйіті табылды», делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ жарылып, бес адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Апат кезінде 106 адам жер астында болған. 101 жұмысшы эвакуацияланды.