Танзанияда 43 адам мінген жолаушылар ұшағы көлге құлады. Жергілікті БАҚ әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға әрекеттенген кезде ұшақ ауа райының қолайсыздығынан Виктория көліне құлаған.
Ұшақ Дар-эс-Саламнан Букобаға бет алған. Борттағы 43 адамның 26-сы құтқарылды, жергілікті билік өкілдері іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.