Петропавлда су құбыры бұзылып, соның салдарынан қала тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Жұмабаев пен Абай көшелерінің қиылысында болған.
«Петропавлда Жұмабаев – Абай көшелерінің қиылысында диаметрі 800 мм болатын су құбыры зақымданды. Қазір апат болған аумақта суды тоқтату жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан қалаға келетін судың қысымы төмендейді. Бір сағаттан кейін қысым тұрақталады. Бірақ апат болған аймаққа тиесілі 10 үйде жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, бір тәуліктен кейін су беріледі», деп хабарлады қалалық су арнасының баспасөз қызметі.