• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықтан қорғалуы тиіс

240 рет
көрсетілді

Астанада Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Республикалық жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Іс-шара барысында РЖҚК мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелерін талқылады. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құрудың алдында тұрғанда сыбайлас жемқорлықтан қорғау және отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Әсіресе, мұның негізгі қызметі Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан кәсіп­кер­лерге қатты қатысы бар. Ашық аймақ жағдайында биз­нестің бәсекеге икемделе алуына жағдай жасау партия мен бүкіл қоғамның міндеті болып табылады. Зор өндірістік әлеуеті бар Шы­ғыс Қазақстан облысы Кеден одағындағы әріптес-елдердің компанияларымен тығыз қарым-қа­тынас орнатқан. Қоғамдық кеңестің сараптама тобы Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында аймақтағы 120-дан астам бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақта кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қор­ғау­дың жай-күйін тексерді. Отырыста Қоғамдық кеңестің мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер пала­тасының кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау жөніндегі кеңестің хатшысы Ғалымжан Қанатбеков жемқорлық құқық бұзушылықтың өсуінің жағымсыз үрдісін атап көрсетті. Бұл бір жағынан құқық фак­тілерін тіркеудің жолға қойыл­мағанына да байланысты, деді ол. Оның ақпараты бойынша, аймақта пара алу 2009 жыл мен 2011 жыл аралығында 2 есе өскен, ал 2012 жылы аздап тө­мен­дегенімен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тағы да өсе бастаған. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде жемқорлық көріністерінің өсуі байқалыпты. Кәсіпкерлікті қорғау мақ­сатында 2011 жылдан бастап 2014 жылғы І тоқсан аралығында про­куратура органдары 190 тек­серу жүргізді, бұл ретте 2,3 мыңнан аса заң бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін 200-ден аса қарсылықтар мен ұсыныстар енгізілді. Мәселен, оларды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың 230-дан астам лауазымды адамдары, оның ішінде 30 жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тар­тыл­ғандардың саны бойынша жергілікті әкімдіктер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері көш бастап тұр. Отырыстың нәтижелері бойынша қаулы қабылданды, онда кәсіпкерлікті жемқорлықтан қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған мүдделі құрылымдарға арналған нақты ұсынымдар баяндалған. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар