Түркияның Денизли қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанның Құрметті консулы бизнесмен, Қазақстандағы тоқыма өнімдері дүкендері желісінің негізін қалаушы Окан Оғыз болып тағайындалды», деді А. Смадияров.
Құрметті консулдықтың ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне серпін береді. Іс-шара аясында Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Денизли және Афьон қалаларының жоғары оқу орындарында оқитын 250-ге жуық қазақстандық студенттермен кездесіп, олардың оқу барысымен және тұру жағдайларымен танысты.