• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2022

Риддердегі ЖЭО коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін

134 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімнің айтуынша, қазір Риддер ЖЭО-да жағдай шиеленіскен.

«ЖЭО-дағы ақау 5 қараша, сағат 10:41 шамасында басталды. Қазандықтағы бұл проблемаларға қызметкерлер аса мән бермеген. Нәтижесінде сағат 22:00-де багерді су басқан. Қалалық коммуналдық компаниялар тарапынан елеулі шаралар қабылданды, 4:25-те су басқан сорғы құрғатылды. Алдағы 2 күнде, 9 қарашаға дейін бүкіл станция әдеттегідей жұмыс істеуі үшін қалыпқа келтірілуі тиіс», деді облыс басшысы.

Ахметовтың айтуынша, бүгін кешке дейін жағдай тұрақтануға тиіс.

«Әрине, бәрі неге бұлай болғанына таң қалады. Мұнда бір ғана жауап бар: ЖЭО-ға дұрыс жөндеу жүргізілмеген. Біз бұған кім жаауапты болғанын да білеміз.Бірақ қазір алдымыздағы басты міндет – стансаның ары қарай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Біз ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару мәселесін қарастырамыз, содан кейін меншік құқығында осы өте маңызды ұйымның алдында тұрған барлық міндеттерді тиімді және тез шеше бастаймыз», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қарашада «Риддер ЖЭО» АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шықты, нәтижесінде № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты түрде сөндірілді. Салқындатқыштың температурасы жоспарланған +70 градустан +39 градусқа дейін төмендеген еді. Қазіргі уақытта қаланың 22 мыңнан астам абоненті жылусыз қалып, Риддерде төтенше жағдай жарияланған болатын.