• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Павлодар облысы Беларуське жылына 3 млрд. кВт/сағат энергия жеткізеді

296 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 мамыр. Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 және Ақсу ГРЭС стансалары Беларуське жылына 2-3 млрд. кВт/сағат энергия жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді. Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразиялық интеграция аясындағы өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері» тақырыбы бойынша өткен брифингте ол Еуразиялық экономикалық одақтың жетістіктері қатарында электр энергиясын тасымалдау да бар екеніне назар аударды. «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы бізге тек Ресейге электр энергиясын тасымалдау көлемін арттыруға ғана емес, сондай-ақ Беларусь нарығына шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан, Ресей және Беларусь 2016 жылы бірыңғай электр энергиясы нарығын құру бойынша бағдарлама қабылдауды көздеп отыр», - деді Тұрғанов. Оның айтуынша, бұл бағдарламаның тұжырымдамасы 2015 жылдың ортасына қарай қабылданады. «Қазіргі тағда Екібастұз ГРЭС-1 және Ақсу ГРЭС станциялары Беларусь мемлекетіне жылына 2-3 млрд. кВт/сағат энергия жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, қазір «KEGOC» компаниясы ресейлік серіктестермен бірлесе отырып, осы электр энергиясын тасымалдау шарттарына қатысты келіссөздер жүргізуде», - деді ол. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: www.taszhargan.info.