«Suleimen Promotions» компаниясының ұжымы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы мен денсаулығын бақылауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ол - біз үшін кәсіпқой бокстағы мықтылардың бірі. Қазір Айдос Минеаполис қаласындағы үздік клиникалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, жағдайы бірқалыпты. Біз оның денсаулығы жақсаратынына сенімдіміз», – деп жазылған «Suleimen Promotions» таратқан хабарламада.
Ақпаратта спортшының еміне жұмсалатын барлық шығындарды ұйымдастырушы компания өз мойнына алғаны айтылған.
«Сондай-ақ Айдостың жауынгерлік рухын көтеру мақсатында және өзін жақсырақ сезінуі үшін Қазақстандағы жақындарын АҚШ-қа алдырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине, спорттың қай түрінде де, соның ішінде кәсіпқой бокста жарақат алу қаупі көп. Алайда біз Айдос Ербосынұлының денсаулығын жақсарту үшін барлық көмекті көрсететеміз», – делінген компания таратқан жазбада.