• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2022

Президент Атыраудағы балық шаруашылығын дамытуды тапсырды

331 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы балық шаруашылығын дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Облыстағы балық шаруашылығын дамыту қажет. Бұл – осы аймақтың экономикасында маңызды рөл атқаратын сала. Каспий теңізі мен Жайық өзенінде балықтың түр-түрі бар. Жыл басынан бері мұнда 12 мың тонна балық ауланды. Оны өңдеу және дайын өнім шығару ісі дамып жатыр. Дегенмен, балық шаруашылығын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шара қабылдау қажет. Ең алдымен, бекіре тұқымдас балықтың санын көбейтуге баса мән берген жөн. Әлемдік нарықта оған сұраныс өте жоғары», деді Мемлекет басшысы.

Биыл Жайыққа 8,5 миллион шабақ жіберілді. Президент бұл жұмысты әлі де жалғастыруды тапсырды.

«Мемлекет қарамағында бекіре өсіретін екі зауыт бар. Осы кәсіпорындардың тозығы жетіп, құрал-жабдығы әбден ескірген. Зауыттарды заман талабына сай қайта жаңғырту керек. Сондай-ақ шабақ өсіретін жоғары технологиялы жаңа зауыттар салу үшін инвестиция тарту аса маңызды», деді Қ. Тоқаев.