Бүгінде елімізде Интернет қызметін қолданушылар саны көбейген сайын қазақ тілді контентті дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Оған дәлел ретінде наурыз айынан бастап «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» және «Қазақ Софтверлік Компаниялар Ассоциациясының (Kazakh Software Companies Assosiation)» бастамасымен “Блогиада. Сапалы контентке миллион” атты жарыстың өткізіліп келе жатқанын айтуға болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарыстың мақсаты – блогшылардың жазбаларын жаңа деңгейге көтеру, қазақ тілді контентті сапалы әрі мәнді жазбалармен арттыру. Дәл қазір жарыстың бірінші кезеңі аяқталып, 32 блогшыдан 16 үздік анықталды.
Шараның қонағы Джош Стадл АҚШ-та Қазақстан туралы екі блог жүргізетінін айтты. kazakhworld.com және kazsocial.com блогтарында Қазақстанның мәдени, әлеуметтік өмірі жайлы посттар жазылатынын айтып, өз жобаларын таныстырды. Қазақ Софтверлік Компаниялар Ассоциациясының (Kazakh Software Companies Assosiation) президенті Азаматхан Әміртай сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, 16-лыққа өткен үміткерлерді құттықтады. Блогиадашылардың арасында топ жарып тұрған Асқар Базарбай ұйымдастырушылар мен әділқазы мүшелеріне алғыс айтуда. Шараның арнайы қонағы, блогиаданың ақылдастар алқасының төрағасы Ирак Елекеев сайыстың маңыздылығын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Данияр Алан.
•
28 Мамыр, 2014
Блогиада сайысының бірінші кезеңі қорытыланды
367 рет
көрсетілді