• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2022

Лондон олимпиадасының жүлдегеріне пәтер берілді

304 рет
көрсетілді

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер берілді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов даңқты балуанды қабылдап, оның отандық спорт саласына сіңірген еңбегінің зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Керекулік Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014 жылдар) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер жария етіліп, Лондон олимпиадасындағы Грузия және Өзбекстан спортшыларының нәтижелері жойылғаны себепті жерлесіміз олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Спортшы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған соң бапкер ретінде қызметке кіріспек.

- Басты мақсатым – жастарға тәжірибемді, еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбексүйгіш адам жолындағы қиындықтың барлығын жеңеді. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін, –  деді Дәулет Шабанбай.  

Әбілқайыр Сқақов олимпиада жүлдегерінің отандық спортты дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, Павлодар қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.  

«Облыс тұрғындары сіздің жетістігіңізбен мақтанады. Өскелең ұрпақ үшін үлгісіз. Жиған тәжірибеңіз бен шеберлігіңізді жас спортшыларға дарыта білуіңіз керек», деді әкім.  

Айтып өтейік, бұл - жазғы олимпиада ойындарынан павлодарлық спортшылар иеленген тұңғыш жүлде.