• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Қараша, 2022

Антикордың Қызылорда облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

401 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Басқосуға арнайы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Саркулов келді.   Отырыста облыс әкімі осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған Рустам Ақмырзаевтың нәтижелі еңбегін атап өтті.   Жиында Ұлан Саркулов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша жаңа департамент басшысы қызметіне тағайындалған Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлын таныстырды.   Аймақ басшысы жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.   Серікжан Мырзалы 1979 жылы Семей облысында дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған.   1999 - 2002 жылдары ішкі істер органдарында абыройлы еңбек етті.   2002 - 2012 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарған.   Ал, 2012 - 2016 жылдары қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда жоғары деңгейде жұмыс істей білді.   Серікжан Қуанышбекұлы 2016 – 2022 жылдары ҚР Бас Прокурорының көмекшісі, басқарма бастығы, Өскемен қаласының прокуроры лауазымдарында лайықты деңгейде қызмет атқарды.   2022 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болды.