• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аясында «Самұрық-Қазына» үшін бәсекелестік күшейеді

257 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 мамыр. Біз Қазақстан экономикасы жөнінде сөз қозғалғанда, «Самұрық-Қазына» қорын дамыту мәселесін алға тартамыз. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ерболат Досаев аталған қордың трансформациялау бағдарламасы талқыланған отырыста осылай деді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. Ерболат Досаевтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында «Самұрық-Қазына» ұлтық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы үшін бәсекелестік деңгейі өседі. Жиында министр: «Компанияның трансформациялау бағдарламасын талқылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін «Самұрық-Қазынаның» рөлі қалай өзгеретініне де көңіл бөлу қажет. Бүгінде 170 млн. халқы бар нарықтың кеңеюін ескере отырып, «Самұрық-Қазынаның» форматын қайта қарастырған жөн», – деді. Сондай-ақ, ол: «Самұрық-Қазына» қорының біздің экономиканы дамытудағы маңызы зор. Осыған байланысты компанияны дамытудың парадигмасы өзгеруде. Бұл трансформациялау бағдарламасы аясында жеке қарастырылуы керек деген ойдамын», – деген ойын жеткізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: ortcom.kz.
Соңғы жаңалықтар