• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ тауар нарығы құрылады

276 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде ортақ тауар нарығы жұмыс істейді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті Мақсат Мұқанов осылай деді. Бұл туралы Today.kz хабарлады. М.Мұқанов: «Биылғы жыл өңірлік интеграция аясында ерекше жыл болады. Ертең тарихи құжат – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады. Келісім 2015 жылдың қаңтар айынан күшіне енеді. Бұл келісімнің нәтижесінде біздің өңірімізде жаңа сапалы ұйым дүниеге келеді», – деді. Оның айтуынша, 2015 жыл өңірлік интеграцияның шарықтау шегі болмақ. Келісім экономикалық мәселелер бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері ынтымақтастығының терең интеграциясына жол салады. Сондай-ақ, ең алдымен көптеген халықаралық келісімдер мен нормативтік-құқықтық құжаттарды бірыңғай жүйеге келтіру жұмыстары істеледі. Бұдан бөлек, ол: «Келісім тұрақты экономикалық тұғырнама құруды қамтамасыз ету және үш елдің халқының әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған. Келісім негізгі үш бөлімнен тұрады. Институционалдық бөлікте басқару органдарының құқығы, бюджеттік сұрақтарға қатысты мәселелер қарастырылған. Мазмұнды бөлігі экономиканың маңызды салаларындағы реттеуді қамтиды. Келісім аясында ортақ тауар нарығы құрылады. Тауарлар, капитал, еңбек ресурстары мен қызметтердің еркін қозғалысы реттеледі», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Today.kz. Фото: ortcom.kz.