Қазгидромет орталығы 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктердің сөзінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік өңірлерде қар, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр себебінен көктайғақ болады. Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Мұндай тұрақсыз ауа райы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты орын алмақ. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Сондай-ақ мамандар Алматы облысының таулы аудандарында қар мен жаңбыр күтілетінін айтуда.