• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Бүгінгі таңда адамзат тарихында жаңа «көпорталықты» әлем қалыптасуда

303 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 мамыр. Бүгін дәстүрлі «Еуроодақ-Ресей-Қазақстан: өзара әрекеттестіктің жаңа парадигмасы» атты XII Алматы конференциясы өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Конференцияда Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов: «Қазір жаңадан қалыптасып келе жатқан «көпорталықты» әлем өзінің үстемдігін жүргізе бастауда. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, саясатта да, экономикада да көп полярлық әлем қалыптастыру – болжап болмайтын сценарий бойынша дамиды. Сәйкесінше, аймақтық және ғаламдық деңгейде бәсекелестіктер күшейеді. Демек, аймақтық және ғаламдық деңгейде тұрақсыздықтар орын алады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы VII Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде, әлем қай бағытта дамыса да, оған дайын болу керектігін атап өтті. Мысалы, ғаламдық қаржы дағдарысы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Оған қоса, қарқынды дамып жатқан БРИКС (Қарқынды дамып жатқан бес мемлекеттің бірлескен тобы – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы) елдерін айта кету керек. Мұнда Ресей мен Қытай болашақта экономикалық дамуда АҚШ-ты ығыстыруы әбден мүмкін», – деді. Сондай-ақ, ол бұрынғы бір полярлық және қос полярлық әлем өзінің дәрменсіздік танытып отырғанына тоқталды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: quorum.kz.