• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2022

«Қазмырыш» Риддерге көмектеседі

376 рет
көрсетілді

5 қараша күні кешке «Риддер» ЖЭО-да қазандық агрегаттары апаттық жағдайда сөніп, қала тұрғындары жылусыз қалған еді, деп жазады Egemen.kz.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері апаттың салдарын жою үшін жедел штаб құрып, Риддерде төтенше жағдай жарияланған. 

Осы мәселені шешуде отандық өндіріс компаниялары да шет қалмайды. Мәселен, апатты жағдайға байланысты ЖЭО-ны қалпына келтіруге «Қазмырыш» көмектеседі. 6 қарашада компания өзінің өндіріске арналған жылу көздерін сөндіріп, Риддердегі жылу орталығына бағыттаған. Кеншілер көмек қолын созып, ЖЭО-ға түрлі сорғылар, шығын материалдарын және 150 тоннадай мазут жіберді.