• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 65 халықаралық құжат кодталады

488 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 мамыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті Мақсат Мұқанов Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісім-шарт бойынша шамамен 65 халықаралық келісім-шарт кодталатынын мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz  хабарлады. М. Мұқанов: «Ең алдымен халықаралық деңгейдегі құжаттарды кодтау керек. Олардың арасында 65 келісім мен нормативті-құқықтық құжат бар», – деді. Брифингте белгілі болғандай, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім-шарт негізінде 19 салада экономикалық қарым-қатынас мәселелері ретке келтіріледі. Бұлардың ішінде кеден, инвестиция, қаржы секторы, макроэкономикалық және өнеркәсіптік саясат сынды мәселелері бар. Сондай-ақ, «Экономикалық зерттеулер институтының» басшысы: «Келісім-шарт аясында тәуелсіздіктің 4 түрін реттейтін ортақ тауар нарығы құрылады. Олар: тауар, капитал, еңбек ресурстары мен қызмет көрсету айналымы», – деді. М.Мұқановтың айтуынша, соңғы 3-4 жылда Кеден одағы елдеріне еліміздің экспортты едәуір өскен. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz . Фото: Propertyexperts.ru.